«ШЕЖІРЕ ШЕРТКІМ КЕЛЕДІ»

2 қазан күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагер әжелермен «Шежіре шерткім келеді» атты сыр-сұхбат, әңгіме сағаты өтті.

Ақ дастархан басында өткен тағылымды кездесуде ардагер әжелер өмір жолдарынан сыр шертіп, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығы туралы өнегелі әңгімелер айтылды.

🎶 Кездесу барысында әжелер халық әндерін орындап, әсем әндерімен шараның шырайын келтірді. Жылы жүздесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше мән берілді.

Осындай тағылымды кездесулер – аға буынның өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізудің, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттаудың маңызды жолы.

💐 Ардагерлеріміз аман болып, ақ батасы мен өнегелі әңгімесі ұрпаққа шамшырақ болсын!

Автор публикации

не в сети 10 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 745Регистрация: 20-10-2021