«BOOK CAFE» – интеллектуалды кітап дәмханасы

Хромтау аудандық балалар кітапханасында Кітап фестивалі аясында 4-сынып оқушыларының қатысуымен ерекше форматтағы «BOOK CAFE» интеллектуалды кітап дәмханасы өтті. 🍽️ Бұл дәмханада кәдімгі тағамдардың орнына балаларға қызықты кітап тапсырмалары ұсынылды. Қатысушылар «Жеті лақтың дәрумен салаты», «Дәмді мақал-мәтел», «Білімнің ыстық сорпасы», «Кітап пиццасы», «Алдар Көсенің қуырдағы», «Күлше қыздың сиқырлы торты», «Ер Төстіктің батыр тоқашы», «Әдеби смузи» және басқа да танымдық «дәмдерден» ауыз тиді. 👥 «Тапқырлар» мен «Кітапқұмарлар» командалары мақал-мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтардың шешуін тауып, ертегі кейіпкерлерін анықтап, блиц-сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кітап көрмесімен танысып, қызықты кітаптар мен энциклопедияларды тамашалады. ✨ Шара барысында балалар өз білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетіп, кітап әлемінің қаншалықты қызықты әрі ғажайып екенін дәлелдеді. 📖 Кітап – білімнің кілті, қиялдың қанаты, болашаққа бастар жол!

0 комментариев

Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны насихатталды.

Мектептен тыс білім беру орталығында Отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы барысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналарға марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу бағыттары, тіркелу тәртібі және марафонға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Ата-аналар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың, балаларды кітап оқуға баулудың маңыздылығымен танысып, марафонға қатысуға шақырылды.

0 комментариев

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық кітап оқу марафоны

«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында Хромтау аудандық кітапханасы Хромтау аудандық ардагерлер кеңесі және Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымдарымен бірлесіп, түсіндіру және тіркеу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аталған ұйымдардың қызметкерлеріне марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, тіркелу жолдары және негізгі талаптары түсіндірілді. 📖 Қатысушыларға марафонға кітапханаға келіп немесе онлайн форматта тіркелу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді. 📚 Кітап оқу — білімді арттырып қана қоймай, ой-өрісті кеңейтіп, рухани дамуға жол ашады. 🌟 Кітап оқитын ұлт — білімді ұлт! Кітап оқуға бірге қадам басайық!

0 комментариев