BOOK BATTLE — БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ! 🔥
Халықаралық жастар күніне орай Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында BOOK BATTLE интеллектуалдық ойыны өтті. 📖✨ Тартысты додаға №5 Хромтау гимназиясы мен №1 Хромтау орта мектебінің жас мамандары қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. 🧠🔥 Қатысушылар арасында білім мен жылдамдық сынға түсіп, тартысты жарыс жоғары деңгейде өтті! 💪 🏆 Жарыс қорытындысы бойынша №1 Хромтау орта мектебі жеңіске жетті! Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, ал белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. 🎁📜 Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Білім додасында бақтарыңыз жана берсін! ✨📚