«Семей полигоны-ұлт қасіреті» атты тарихи-танымдық сағат
9 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай «Семей полигоны-ұлт қасіреті» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы, оның халыққа тигізген зардаптары және ядролық қарудан азат болудың маңызы туралы танымдық ақпараттар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыпқа байланысты кітаптар таныстырылып, тарихи деректер, ядролық сынақтар тарихындағы рөлі және өңірге тигізген зардаптары туралы негізгі мәліметтер ұсынылды.