«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасының қорытындысы

Сауалнама барысында тұрғындар өздерінің сүйікті кітаптарын атап, әдеби талғамдарымен бөлісті. Оқырмандардың таңдауы әртүрлі болғанымен, көпшілік дауыс жинаған шығармалар қатарында:
🥇 Мұхтар Әуезов – «Абай жолы»
🥈 Ілияс Есенберлин – «Көшпенділер»
🥉 Бердібек Соқпақбаев – «Менің атым Қожа»
Бұл шығармалардың тұрғындар арасында кеңінен оқылуы – қазақ әдебиетінің құнды туындыларына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

«Абай жолы» – халқымыздың тарихы мен тұрмыс-тіршілігін, ұлы Абайдың өмірі мен тұлғасын танытатын көркем мұра болса, «Көшпенділер» – ел тарихын кеңінен суреттейтін тарихи роман-трилогия. Ал «Менің атым Қожа» – балалық шақтың қызықты сәттерін, бала мінезі мен тәрбиесін шынайы бейнелейтін сүйікті шығарма.

📖 Әр таңдалған кітап – оқырманның жүрегінде өзіндік орны бар рухани қазына. Сауалнама нәтижесі кітап оқудың адам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Сіз қай кітапқа дауыс берер едіңіз?

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 752Регистрация: 20-10-2021