«Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты

23 сәуір – Ұлттық кітап күні! Осы атаулы күнге орай Хромтау аудандық кітапханасында  «Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты өтті. Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білімнің сарқылмас қазынасы Осы мақсатта кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық белсенділігін қолдау бағытында «Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Мектептен тыс білім беру орталығының «Асыл сөз» үйірмесінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында: 🔹 Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы тың мәліметтер алды 🔹 «Ойлан, тап» кезеңінде жасырын суреттер арқылы сөздерді тапты 🔹 «Кейіпкерді таны» бөлімінде ертегі кейіпкерлерін сипаттама бойынша анықтады 🔹 Сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты 💡 Шараның басты мақсаты – балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және бос уақытты тиімді пайдалануға баулу болды. ✨ Қорытындысында, бұл іс-шара жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайтты. «Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты

0 комментариев

«Тарихы терең – Хромтау» атты көрме-панорама

17 сәуір күні оқу залында Ұлттық кітап күніне орай «Тарихы терең – Хромтау» атты көрме-панорама ұйымдастырылды. 🏛 Көрменің мақсаты – өңірдің рухани мұрасын насихаттау, танымал тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, сондай-ақ ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жандардың еңбегін кеңінен дәріптеу. 📖 Көрмеде аудан тарихы, әр өңірдің өткені мен мәдени келбетін баяндайтын құнды шығармалар ұсынылды. 👩‍💼 Кітап көрмесіне кітапханаларды дамыту бөлімінің библиографы Алмуратова А.П. библиографиялық шолу жасады. ✨ Шара оқырмандарға туған өлкенің тарихын тереңірек танып, рухани құндылықтарды бағалауға мүмкіндік берді.

0 комментариев

Танымдық конференция «Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы»

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы» атты қазақтың ұлы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай тарихи-танымдық конференция Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру болды. Конференция барысында студенттерге Алаш қайраткерінің ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, ағартушылық қызметі мен ұлт болашағы үшін атқарған еңбектері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Шара аясында тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға Әлихан Бөкейхан және Алаш зиялылары туралы әдебиеттер таныстырылды. Сонымен қатар, тұлғаның өмірі мен қызметін қамтитын танымдық бейнеролик көрсетіліп, студенттер тарихи деректермен кеңінен танысты. Кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерін білдіріп, тарихи тұлғаның мұрасы жайында пікір алмасты. Танымдық шара студенттердің рухани-тарихи білімін толықтырып, отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етті. Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар https://www.instagram.com/reel/DWYTYT7iDBM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев