ПОДКАСТ: «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі»

🌸 «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» атты ашық әңгіме-подкаст 🎙 Бұл подкаст – әйелдің қоғамдағы рөлі, отбасы мен кәсіби өмірдегі орны, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы еркін форматта пікір алмасуға арналған тәрбиелік шара. 👥 Подкастқа арнайы шақырылған қонақтар: 👮‍♀️ Хромтау аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Сержанова Алиса Буршакбаевна. 👵 Аналар кеңесінің мүшесі Абилмаликова Ұшқын Абилмаликқызы. 💬 Әңгіме барысында: ✨ Әйел тұлғасының бүгінгі келбеті ⚖️ Гендерлік теңдік 🏡 Отбасы құндылығы 👩‍👧 Ана тәрбиесі 🛡 Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланады. 🎯 Шараның мақсаты – әйел мәртебесін көтеру, қонақтардың өмірлік өнегесі арқылы жастарға бағыт-бағдар беру және саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосу. 🌷 Әйел – отбасының шырағы, қоғамның тірегі! Видео подкаст https://www.instagram.com/reel/DVRArbxiEQB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат

Бүгін кітапханада «Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат кеші өтті 🇰🇿 Шараға Ауған соғысының ардагері Тальменов Аманғазы Нұрғазыұлы және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттер ардагер ағамызға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аманғазы Нұрғазыұлы өз өмір жолымен қиын-қыстау кезеңдегі естеліктерімен бөлісті.Бұл жүздесу жас ұрпаққа үлкен ой салып, патриоттық рух сыйлады ✨ Қонағымызға құрмет ретінде Мектептен тыс білім беру орталығының «Жалын» вокал үйірмесінің оқушысы Шәмшат Нұрғалым «Самға» әнін арнап, жүрекке жылы әсер қалдырды 🎶 Шара соңында Ауған соғысы тақырыбындағы кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға мазмұнды ақпарат ұсынылды 📚 Тағылымы мол кеш барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. https://www.instagram.com/reel/DUqC-r-CNEB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы

✨ Мұқағали – мәңгілік жырдың иесі! ✨ 10 ақпан күні 📚 Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүректерге жол тапқан ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 🎤 “Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 👫 Байқауға қала мектеп оқушыларымен, Тау-кен техникалық колледжініің студенттері қатысты. 🌿 Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту. 🌟 Қатысушылар ақынның сырлы да мұңлы, терең мағыналы өлеңдерін жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 🏆 Байқау нәтижесі: 🥇І орын - №5 Хромтау гимназиясы, Сұлтанғали Жанерке 🥈ІІ орын - №6 Хромтау гимназиясы, Сайлау Султана 🥉ІІІ орын - Хромтау Тау - кен техникалық жоғарғы колледж, Құрманғазы Аңсар 👏 Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды, қатысушыларға алғыс білдіреміз! 📖 Мұқағали жыры – мәңгілік мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазына! https://www.instagram.com/reel/DUk5DQWCAah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев