Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қайсар рухты ақын» атты поэзия кеші өтті.
🎯 Кештің мақсаты – мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру.
👩🎓👨🎓 Кешке Хромтау тау-кен техникалық колледжі студенттері қатысты.
📖 Шара барысында студенттер ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды, өмірі мен шығармалары туралы сұрақтарға жауап беріп, рухани тағылым алды.
🎥 Сонымен қатар, ұсынылған мәліметтер мен бейнематериалдарды қызығушылықпен қабылдады.
📚 Оқырмандар назарына біртуар ақынға арналған кітап көрмесі ұсынылды.