Құрметті оқырмандар! Хромтау ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Хромтау аудандық орталық кітапханасында «Кенді өлке Хромтау: 90 жылдық белестері» атты көрме-панорама ұйымдастырылды. Көрмеде: 🔹 Хромтау тарихынан сыр шертетін құнды деректер 🔹 Елеулі оқиғалар мен тұлғаларға арналған материалдар 🔹 Кенді өлкенің жетістіктерін айшықтайтын суреттер мен иллюстрациялар ұсынылады. 📍 Өзіңізді қызықтырған деректермен танысып, туған жер тарихына саяхат жасауға шақырамыз!
22 тамыз күні Кітапханада қазақ вальсінің королі атанған алты алаштың оң қолын жүрегіне қойғызып, ән салдырған халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән падишасы-Шәмші» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. 🔹Мақсаты : әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Кешке аудандық музыка мектебі,аудандық архив және кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында Шәмшінің қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі мен өнердегі мәңгілік мұрасы туралы айтылды,сонымен қатар халық сүйіп тыңдайтын туындылар орындалып, көрермендер сүйікті әндерін бірге шырқады. https://www.instagram.com/reel/DNp3UC3o8b4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» атты поэтикалық марафон өтті.
Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық аспан астындағы мәдени іс-шара 2025 жылдың 8 тамызы күні қаламыздың Абай даңғылында өтті. 📖Шараның негізгі мақсаты — ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани-мәдени мұрасын насихаттау, ел жастарын поэзия мен өнерге баулу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды. 📖Іс-шара аясында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» поэтикалық марафон, Абай әндерін орындау, кітап көрмесі, қол өнер бұйымдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сауалнама жұртшылық назарына ұсынылды. 📖Іс-шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар белсенді қатысты. Бұл мәдени жиын ел руханияты мен тарихына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. https://www.instagram.com/reel/DNGKPCVMbC-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==