Хромтау аудандық кітапханасында ауылдық кітапхана филиалдары қызметкерлерінің қатысуымен
«Кітапхана – білім мен руханият орталығы» тақырыбында workshop өтті.
Бұл workshop – кітапхана ісіндегі заманауи бағыттарды талқылап, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге арналған кәсіби алаң болды.
🔹 Іс-шара алғы сөзбен ашылып, кітапхана директоры Бибигүл Ұзақбаевна кітапхананың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті.
🔹 Ақжар ауылдық модельді кітапханасының қызметкері Омарова Ұлболсын
📖 «Жетістікке бастар жол: кітапхана тәжірибесі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді жұмыс әдістерін ұсынды.
🔹 Кітапханаларды дамыту бөлімінің библиографы Алмұратова Асия
📚 «Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың туғанына 100 жыл» тақырыбында ақпараттық дайджест ұсынып, тұлғаның рухани мұрасын таныстырды.
🔹 Бөлім меңгерушісі Беркімбаева Динара
🤖 «ЖИ – заманауи кітапханашының көмекшісі» тақырыбында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетіп, оны кітапхана ісінде тиімді қолдану жолдарын түсіндірді.
✨ Workshop барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен заманауи көзқарастарға ие болды.
📖 Кітапхана – тек білім ордасы ғана емес, руханияттың да алтын діңгегі.