Ұлттық кітап күні қарсаңында ерекше атмосферада өткен «Кітапхана түні» аясындағы әсерлі сәттермен бөлісеміз!
Хромтау аудандық кітапханасында «Әдебиет әлеміне саяхат» атты әдеби квиз ұйымдастырылып, қала мектептерінің оқушылары белсене қатысты.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін арттыру, жас оқырмандардың танымдық белсенділігін дамыту, логикалық ойлау қабілеті мен әдеби білімін интеллектуалды ойын арқылы жетілдіру.
📖 Квиз барысында:
Қатысушылар екі топқа бөлініп, түрлі қызықты әрі ойландыратын тапсырмалар орындады. Әр кезеңде оқушылар өздерінің білімін, тапқырлығын және жылдам ойлау қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді.
👩🏫 Кітапханашы Алмуратова Ә.П. ойын шарттарымен таныстырып, қатысушыларға бағыт-бағдар берді.
🏆 Шара соңында кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ. сөз сөйлеп, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
🌟 Бұл кеш – білім мен руханиятты ұштастырған, әдебиетке деген қызығушылықты арттырған ерекше шара болды!