“Ашық аспан астындағы кітапхана” шарасы

2025 жылдың 4 шілдесінде орталық саябақта “Ашық аспан астындағы кітапхана” атты тамаша шара өтті. Табиғат аясында кітап оқып, ерекше көңіл-күйде рухани демалған күн оқырмандардың жадында жарқын сәттерімен қалды! 🌳📖 📌 Шара барысында: 🔸 Астана туралы қызықты деректер мен әдебиеттер ұсынылды 🔸 Қазақтың киелі домбырасы жайлы кітаптар таныстырылды 🔸 Ұлттық домбыра күніне арналған кітап көрмесі өтті 🔸 Кітап оқуға арналған жайлы бұрыштар ұйымдастырылды 🔸 Оқырмандарға арналған қызықты ойындар ойнатылып, көңілді сәттерге толы болды. https://www.instagram.com/reel/DLwdLkRtcFU/?utm_source=ig_web_copy_link

0 комментариев

«Есірткісіз әлем» онлайн сурет байқауы өтті!

Байқаудың басты мақсаты – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру болды. 🚭💪 📢 Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар: 🥇 І орын – Ажарғалиев Әділет (Аққұдық ауылы) 🥈 ІІ орын – Есенғали Аймерей (Хромтау қаласы) 🥉 ІІІ орын – Байжігіт Нұрболат (Бөгетсай ауылы) 🥉 ІІІ орын – Бисенбаев Алмат (Көктау ауылы) 👏 Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз әрдайым шыңдала берсін! https://www.instagram.com/reel/DLpDeFhs-U4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

25 маусымда Хромтау аудандық орталық кітапханасында ауылдық кітапханалар мамандарына арналған «Қазіргі заманғы кітапхананың жұмысын ұйымдастыру» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. 🌟 Семинар бағдарламасы: 1️⃣ «Ауылдық кітапхана: қорды толықтырудан тиімді пайдалануға дейін» құжаттарды өндеу және жинақтау бөлімінің қызметкері Таимова А.Ж. 2️⃣ «Оқырмандарды кітапханаға тарту тәсілдері» кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б. 3️⃣ «Кітапхана жұмысы бойынша рейтинг» кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Қазбаева Ж.М. 🔍 Семинар қорытындысы: Қатысушылар кітапхана жұмысына қатысты заманауи тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, оқырмандарды тартудың жаңа әдістері мен кітапхана рейтингін арттыру жолдары бойынша ұсыныстар қызу талқыланды. ✨ Кітапхана – білімнің қайнар көзі! Осындай іс-шаралар кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және қоғамға сапалы қызмет көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. https://www.instagram.com/reel/DLWqaxKM3wR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев