Ұлттық ойындарды ұлықтайық» атты сайыс

17 наурыз күні Хромтау аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындарды ұлықтайық» атты сайыс өтті.📚🌿

Шараға №5 мектеп-гимназиясының 4а, 4ә, 4б сынып оқушыларынан құралған «Наурыз жұлдыздары» ⭐, «Қырандар» 🦅, «Бірлік» 🤝 топтары қатысты.

Сайыс барысында қатысушылар төмендегі бөлімдер бойынша бақ сынасты:
🔹 «Таныстыру»
🔹 «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
🔹 «Өнерлі өрге жүзер» 🎭
🔹 «Мақал-мәтел» 📖
🔹 «Білек тартыс» 💪

Нәтижесінде үш топ та сұрақтарға ұшқыр жауап беріп, салт-дәстүрден көріністер қойып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. 🎉 Ұлттық рухты дәріптеген қызықты сайыс өз мәресіне жетті.

Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DV-41_cDDqY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 642Регистрация: 20-10-2021