«Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдары бойынша марапаттау рәсімі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉📚 Кітап – адамзаттың ойлау көкжиегін кеңейтетін, рухани биіктететін сенімді серігі. Кітап оқуды насихаттау – қоғамның рухани, мәдени және интеллектуалдық дамуына үлес қосатын маңызды іс. Хромтау аудандық орталық кітапханасы Хромтау ауданының 90 жылдығына орай ауылдық мемлекеттік қызметкерлер арасында “Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдарын ұйымдастырып, оқырмандар арасында үлкен серпіліс тудырды. ЖЕҢІМПАЗДАР: 🏆 1 орын — Құдықсай ауылдық округінің әкімі Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы 🥈 2 орын — Тассай ауылдық округінің әкімі Абдиров Ербол Амангелдіұлы 🥉 3 орын — Көктау ауылдық округінің әкімі Усмаханов Бахытбек Серікұлы Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Кітап оқу мәдениетін насихаттау жолындағы бастамаларымыз алдағы уақытта да жалғасын табады! 📖 Кітап оқы – рухани биік бол!

0 комментариев

Ашық аспан астындағы кітапхана

🌳 18 маусым күні орталық саябақта табиғат аясында кітап оқуға арналған шара өтті. 📖 Шара барысында: • Түрлі жанрдағы кітаптар таныстырылып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті; • Рухани пікірталастар ұйымдастырылды; • Кітаптың маңыздылығы туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Рухани байып, ой сергітіп қайтқан барша оқырмандарға алғысымыз шексіз! 🌟 Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DLFJp19sXk8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Есірткісіз әлем” онлайн сурет байқауына қатысуға шақырамыз!

“Есірткісіз әлем” онлайн сурет байқауы 🎨

📢 Құрметті оқырмандар!
Сізді “Есірткісіз әлем” атты онлайн сурет байқауына қатысуға шақырамыз! Өз шығармашылығыңыз арқылы салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік алыңыз.

🌟 Байқаудың мақсаты:
• Жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.
• Салауатты өмір салтын насихаттау.

✏ Кел, бірге есірткісіз болашақ құрайық!
Барлықтарыңызды байқауға қатысуға шақырамыз! 🌍✨

(далее…)

0 комментариев