✨ Мұқағали – мәңгілік жырдың иесі! ✨
10 ақпан күні 📚 Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүректерге жол тапқан ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай
🎤 “Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
👫 Байқауға қала мектеп оқушыларымен, Тау-кен техникалық колледжініің студенттері қатысты.
🌿 Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту.
🌟 Қатысушылар ақынның сырлы да мұңлы, терең мағыналы өлеңдерін жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🏆 Байқау нәтижесі:
🥇І орын — №5 Хромтау гимназиясы, Сұлтанғали Жанерке
🥈ІІ орын — №6 Хромтау гимназиясы, Сайлау Султана
🥉ІІІ орын — Хромтау Тау — кен техникалық жоғарғы колледж, Құрманғазы Аңсар
👏 Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды, қатысушыларға алғыс білдіреміз!
📖 Мұқағали жыры – мәңгілік мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазына!
https://www.instagram.com/reel/DUk5DQWCAah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==