«Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат

Бүгін кітапханада «Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат кеші өтті 🇰🇿

Шараға Ауған соғысының ардагері Тальменов Аманғазы Нұрғазыұлы және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттер ардагер ағамызға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аманғазы Нұрғазыұлы өз өмір жолымен қиын-қыстау кезеңдегі естеліктерімен бөлісті.Бұл жүздесу жас ұрпаққа үлкен ой салып, патриоттық рух сыйлады ✨

Қонағымызға құрмет ретінде Мектептен тыс білім беру орталығының «Жалын» вокал үйірмесінің оқушысы Шәмшат Нұрғалым «Самға» әнін арнап, жүрекке жылы әсер қалдырды 🎶

Шара соңында Ауған соғысы тақырыбындағы кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға мазмұнды ақпарат ұсынылды 📚

Тағылымы мол кеш барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/DUqC-r-CNEB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 642Регистрация: 20-10-2021