Биыл СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ туғанына 125 жыл

⚜️”Сәбит Мұқанов- өз дәуірінің айнасы”атты әдеби кеш өтті. Кешке Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. ⚜️Мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу. Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұматтар беріліп,кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді. https://www.instagram.com/reel/DI-oS0tMCq-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған «Қазыналы өлкем-Хромтау» конференция өтті

25 сәуір күні аудандық кітапхана қызметкерлері №6 Хромтау гимназиясының ұйымдастыруымен өткен Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған «Қазыналы өлкем-Хромтау» атты конференцияға қатысты. Аталмыш шарада оқушыларға өлкетану сипатындағы әдебиеттер ,QR кодты кітаптар ұсынылып,аудан тарихында өзіндік іздерін қалдырған туған өлкенің тарихи тұлғалары туралы баяндалды. Сонымен қатар,туған жердің түлеуі үшін ештеңеден тайсалмаған атпал азаматтар, жергілікті ақын-жазушылар жайында бейнероликтер көрсетілді. Бұл конференция туған өлкенің тарихы мен мәдениетін насихаттауда, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. https://www.instagram.com/reel/DI3oRZsMem7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

0 комментариев

«Кітапхананың алтын шырақтары» атты дөңгелек үстел

 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай зейнеткер кітапханашыларға арналған «Кітапхананың алтын шырақтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – зейнеткер кітапханашылардың кәсіби өмірі жайлы біле отырып, жас мамандарға кітапхана саласының маңыздылығын тереңірек насихаттау. Шараға арнайы шақырылған Үмітай Диярқызы мен Мансия Кеулімжайқызына шексіз алғысымызды білдіріп, оларға мықты денсаулық, отбастарына амандық тілейміз. Шара соңында жас кітапханашылар құрметті аналарымызға арналған өлең шумақтары мен ана туралы әндерін орындап, ерекше ықылас танытты. Кәсіподақ ұйымының атынан кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ. қонақтарды мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Бұл шара жас мамандар үшін үлкен тағылым, ал зейнеткер кітапханашыларымыз үшін ерекше құрметке толы болды. https://www.instagram.com/reel/DG0J26BMUAr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев