«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылау

Хромтау аудандық кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы кітапхана қызметкерлері, оқырмандар арасында талқыланды. 🔹Мақсаты: Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру.Елдің дамуы мен азаматтардың болашағына қатысты басты стратегиялық мақсаттармен таныстыру. Сонымен қатар, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғандығы туралы айтылды. Бұл бастама аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және осы саладағы кадрларды даярлау сапасын жақсарту көзделіп отыр.

0 комментариев

«Бір ел — бір кітап — 2025» республикалық акциясы

Құрметті оқырмандар! “Бір ел – бір кітап – 2025” республикалық акциясы аясында еліміздің әдеби мұрасын бірге танып, рухани байлығымызды бірге дәріптеуге шақырамыз. Биылғы таңдаулы шығармалар: 📖Проза жанры бойынша – ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақыны, сыншысы, аудармашы әрі суреткері Тәкен Әлімқұловтың туындылары. 📖Поэзия жанры бойынша – биыл 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары. Осы әдеби туындыларды бірге оқып, талқылау арқылы халқымыздың рухани байлығын тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Баршаңызды шығармаларды оқуға және ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысуға шақырамыз!📚Әдебиет әлемінде бірге болайық!

0 комментариев

«Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясының нәтижелері

2024 жылдың 11 қазан 19 желтоқсан аралығында өткен «Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясының нәтижелерін қуана хабарлаймыз!✨ 📚 Бұл шарада жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдеби талғамын қалыптастыру басты мақсатымыз болды. Жеңімпаздарымыздың белсенділігі мен кітапқа деген сүйіспеншілігі бізді қуантты. 🎉 Жеңімпаздарымыз: 1️⃣ Ильясова Жайнагуль 2️⃣ Кошбаева Злиха 3️⃣ Мурзатаева Данагуль 🎁 Сыйлықтарыңыз: 📕 Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қуыскеуде» 📕 Балқия Балтабай «Жүрек тыныштығы» 📕 Луиза Хей «Өмірің өз қолыңда» Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Кітап оқу арқылы рухани байып, шабыт ала беріңіздер. Кітап әлемінде кездескенше! 📚Кітаппен бірге биіктерге жетейік!  

0 комментариев