“Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты портрет кеші

Хромтау аудандық кітапханасында жазушы Мұхтар Мағауиннің 90 жылдығына арналған “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты портрет кеші өтті. 📖Шара барысында Мұхтар Мағауинның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, еңбектері мен шығармалары жайлы әңгіме болды. Мағауиннің ұлттық әдебиетті, мәдениетті зерттеудегі рөлі, сондай-ақ тарихи романдарымен қазақ халқының өткенін жаңаша көзқарас тұрғысынан көрсетуі кеңінен талқыланды, оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріліп, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізіліп, «Аласапыран» романы бойынша бейнеролик көрсетілді. 🔹Кешке 7 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана қызметкері Ильясова Жайнагуль қатысты.

0 комментариев

«Кенді өлке Хромтау: 90 жылдық белестері» атты танымдық шара

  🔹30 қаңтар күні аудандық кітапханада Хромтау ауданының -90 жылдығына орай №5 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Кенді өлке Хромтау: 90 жылдық белестері» атты танымдық шара ұйымдастырылды. 🔹Мақсаты: халқымыздың өткені, елдің шежіресі, жердің тарихы, осы ретпен келгенде Хромтаудың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан келбеті жайында кеңінен мағлұмат беру. Аталмыш шарада кітапхана қызметкері Бертакова Ә.А. қысқаша ауданымыздың тарихына тоқталып, сол кезеңдерде өмір кешкен,өзіндік іздерін қалдырған бір қатар аға буын өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері туралы бейнероликтер көрсетті. 📖«Қазынаға толы Хромтау» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Оқушылар сканвордтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.                                                                                                                              Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DFcyoioM64v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Флэш- семинар: «Жыл қорытындылары: іске асырылған жоспарлар және 2025 жылдың жаңа идеялары»

2025 жылдың қаңтар айының 28 күні Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапхана мекемесінде «Жыл қорытындылары: іске асырылған жоспарлар және 2025 жылдың жаңа идеялары» тақырыбында zoom платформасы арқылы флэш-семинар өткізілді. 🔹Семинар барысында 2024 жылғы орындалған жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктері талқыланды. Қатысушылар жобалар мен бастамалардың тиімділігін бағалап, кездескен қиындықтарды шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жаңа идеялар мен жоспарлар қарастырылып, келесі бағыттар бойынша ұсыныстар жасалды: 1. Жаңа жобаларды іске қосу үшін қажетті ресурстарды анықтау; 2. Командалық жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау; 3. Инновациялық технологияларды енгізу арқылы ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Семинар нәтижесінде 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, жауапты тұлғалар мен мерзімдер белгіленді. Аталған семинар ұйымның стратегиялық мақсаттарына жету жолында маңызды қадам болып табылады.    

0 комментариев