“Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге” жылжымалы кітапхана қызметі

📚Хромтау аудандық кітапхана қызметкерлері "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Хромтау аудандық филиалына арнайы барып, ұзақ жылдар ауданның әлеуметтік дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагерлерді Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Ғ.Ә.Бейсенов домбырамен ән шырқады. Сонымен қатар, Жылжымалы кітапхана ұйымдастырылып белгіленген мерзімге көркем әдебиеттер мен журналдар берілді. Ардагерлер ұйымының басшысы Қ.Қ.Биржанов кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп,үлкендер ризашылық батасын берді. Толығырақ

0 комментариев

«Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі

📖№4 Хромтау орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы: әділ сөйлеп, адал жүр, мұратыңа жетесің» аймақтық ғылыми -практикалық конференциясында «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жүргізілді. 📖Көрмеге Ұлттық тәрбиенің көздері: қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлағатты қағидалары, мақал-мәтелдері,фольклор, ауыз әдебиеті туралы кітаптар қойылды. Толығырақ

0 комментариев

«Отанға қызмет» атты тарихи сағат

🔹«Отанға қызмет» атты тарихи сағат Ауған соғысы ардагерлер күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шара Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасында өтті. «Отанға қызмет» атты тарихи сағат аясында арнайы кітап көрмесі мен Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің «Ауғанның асуында от кешкендер» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ауған соғысы ардагерлері мен Отан қорғаушылардың ерлігі туралы жазылған кітаптар, құжаттар, мақалалар және фотоматериалдар қойылды. Көрмені тамашалаған оқушылар мен қонақтарға сұрақтар қойылып, Шамшат Нұрғалымның орындауында «Жаңа ғасыр Қазақстан» әні тарту етілді. Толығырақ https://www.instagram.com/hromtau_audandyk_kitaphana/?e=164390af-564d-40a5-8dcb-2c096b65be39&g=5

0 комментариев