Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблінің мүшелерімен сұхбат

Кітапханада 15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблінің мүшелері Қазбаев Нұрлан Мырзабайұлы, Қазбаева Жанар Мұратқалиқызы және балалары Айару, Нұртөренің қатысуымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында сұхбат кеш ұйымдастырылды.Аталмыш шарада «Ұлағатты отбасы-ұрпаққа аманат» айдарымен кітап көрмесі безендіріліп, отбасындағы шаңырақ шуағының құпиясы неде, бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблі аудан тұрғындарына әсем әндерді орындаушы ретінде жақсы таныс. Сахна төрінде көрермендердің жүрегіне әдемі әндерді тебірене жеткізетін өнер иелері көптеген аудандық, облыстық марапаттарға ие. Шара соңында кітапхана директоры Баймұратова Бибігүл Ұзақбайқызы мерекемен құттықтап, қонақтарға алғысын білдірді, сондай –ақ, өнерлі, өнегелі отбасы қонақ иелерінен «қонақ кәде» сұралып ән шырқалды. 🔸Отбасының басты міндеті – бала тәрбиесі. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын. Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл - қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!-деген ізгі тілектермен кеш өз мәресіне жетті. Толығырақhttps://www.instagram.com/reel/DJo8auco6l5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран» жыр мүшәйрасы

8 мамыр күні кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына орай «Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран» жыр мүшәйрасы өтті. 🔰Мақсаты: жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,жыр өнерін дамыту, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету. Тарихи тұлғалардың ерлігі арқылы ұлттық рухты ояту. Шараға Хромтау ауданының жергілікті жас ақыны,әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Сағыныш Оразайқызы, Хромтау аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сағынжанұлы Айбол, қала мектептерінің мұғалімдері, оқушылары қатысты. 🔰Жыр мүшәйрасы 2 кезең бойынша өткізілді. - Белгілі бір ақынның Жеңіс туралы өлеңін жатқа оқу. - Жеңіс туралы өзінің туындысын оқу. Әділқазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау барысында өлеңнің таңдау талғамына, сөз қолданысына, ұйқасына, тіл тазалығына мән берді. 🔰Жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды: І орын- Тайбатыров Мухаммед- №6 Хромтау гимназиясының оқушысы. ІІ орын - Жайылханова Аида -№4 Хромтау орта мектебінің оқушысы. ІІІ орын - Сағынжан Іңкәр- Никельтау орта мектебінің оқушысы. Жеңімпаздар дипломдармен,алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар https://www.instagram.com/reel/DJYzhOTMoDa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Ұлы дала еліндегі ынтымақ» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық саябақта аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық саябақта аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала еліндегі ынтымақ» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі өтті. 📚Көрмеде Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихына арналған әдебиеттер, әртүрлі халықтардың ертегілері, бірлік пен татулық тақырыбындағы шығармалар ұсынылды. ⚜️Іс-шара барысында балаларға бірлік пен достық туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылды. Балалар оларды шешуге белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, бұл арқылы олар ұлттық дәстүрлермен танысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты. өтті. 📚Көрмеде Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихына арналған әдебиеттер, әртүрлі халықтардың ертегілері, бірлік пен татулық тақырыбындағы шығармалар ұсынылды. ⚜️Іс-шара барысында балаларға бірлік пен достық туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылды. Балалар оларды шешуге белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, бұл арқылы олар ұлттық дәстүрлермен танысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты. https://www.instagram.com/reel/DJFUeKgs2FD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев