«Жазғы оқулар – 2025» акциясының қорытындысы

«Жазғы оқулар – 2025» акциясы аясында ұйымдастырылған «Кітап оқып, жеңімпаз бол!» атты кітап оқу марафонының марапаттау рәсімі өтті.

1 маусым – 25 тамыз аралығында кітап әлеміне саяхат жасап, білім көкжиегін кеңейткен жас оқырмандарымыз белсенділік танытты. Олардың ішінен ең көп кітап оқыған оқушылар ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды:

🥇 1 орын – Нұржан Арнат
🥈 2 орын – Абдуллин Даулет
🥉 3 орын – Төрегелді Аяулым

Жеңімпаздарымыз арнайы сыйлықтармен марапатталып, құрметке бөленді. 👏🎁

Бұл марафон жасөспірімдерге жазғы демалысын тиімді өткізіп қана қоймай, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен ықпал етті. Әрбір оқырман үшін кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың асыл қазынасы екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.

📖✨ Кітап оқы – жеңімпаз бол!

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 635Регистрация: 20-10-2021