«Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» атты поэтикалық марафон өтті.

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық аспан астындағы мәдени іс-шара 2025 жылдың 8 тамызы күні қаламыздың Абай даңғылында өтті.

📖Шараның негізгі мақсаты — ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани-мәдени мұрасын насихаттау, ел жастарын поэзия мен өнерге баулу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды.
📖Іс-шара аясында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» поэтикалық марафон, Абай әндерін орындау, кітап көрмесі, қол өнер бұйымдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сауалнама жұртшылық назарына ұсынылды.
📖Іс-шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар белсенді қатысты. Бұл мәдени жиын ел руханияты мен тарихына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

https://www.instagram.com/reel/DNGKPCVMbC-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 6 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 635Регистрация: 20-10-2021