22 тамыз күні Кітапханада қазақ вальсінің королі атанған алты алаштың оң қолын жүрегіне қойғызып, ән салдырған халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән падишасы-Шәмші» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
🔹Мақсаты : әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Кешке аудандық музыка мектебі,аудандық архив және кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында Шәмшінің қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі мен өнердегі мәңгілік мұрасы туралы айтылды,сонымен қатар халық сүйіп тыңдайтын туындылар орындалып, көрермендер сүйікті әндерін бірге шырқады.

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 635Регистрация: 20-10-2021