🌸 «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» атты ашық әңгіме-подкаст
🎙 Бұл подкаст – әйелдің қоғамдағы рөлі, отбасы мен кәсіби өмірдегі орны, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы еркін форматта пікір алмасуға арналған тәрбиелік шара.
👥 Подкастқа арнайы шақырылған қонақтар:
👮♀️ Хромтау аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Сержанова Алиса Буршакбаевна.
👵 Аналар кеңесінің мүшесі Абилмаликова Ұшқын Абилмаликқызы.
💬 Әңгіме барысында:
✨ Әйел тұлғасының бүгінгі келбеті
⚖️ Гендерлік теңдік
🏡 Отбасы құндылығы
👩👧 Ана тәрбиесі
🛡 Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланады.
🎯 Шараның мақсаты – әйел мәртебесін көтеру, қонақтардың өмірлік өнегесі арқылы жастарға бағыт-бағдар беру және саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосу.
🌷 Әйел – отбасының шырағы, қоғамның тірегі!
Видео подкаст https://www.instagram.com/reel/DVRArbxiEQB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==