«Жазғы оқулар – 2025» акциясының қорытындысы
«Жазғы оқулар – 2025» акциясы аясында ұйымдастырылған «Кітап оқып, жеңімпаз бол!» атты кітап оқу марафонының марапаттау рәсімі өтті. 1 маусым – 25 тамыз аралығында кітап әлеміне саяхат жасап, білім көкжиегін кеңейткен жас оқырмандарымыз белсенділік танытты. Олардың ішінен ең көп кітап оқыған оқушылар ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды: 🥇 1 орын – Нұржан Арнат 🥈 2 орын – Абдуллин Даулет 🥉 3 орын – Төрегелді Аяулым Жеңімпаздарымыз арнайы сыйлықтармен марапатталып, құрметке бөленді. 👏🎁 Бұл марафон жасөспірімдерге жазғы демалысын тиімді өткізіп қана қоймай, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен ықпал етті. Әрбір оқырман үшін кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың асыл қазынасы екендігі тағы бір мәрте дәлелденді. 📖✨ Кітап оқы – жеңімпаз бол!