«Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар» тақырыбында облыстық кітапханашылар форумы өтті.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында «Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар» тақырыбында облыстық кітапханашылар форумы өтті.

Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Ж.Н. Батырхан сөз сөйлеп, кітапхана саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол кітапханашылардың қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудегі ерекше еңбегін атап өтіп, сала мамандарына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Іс-шара аясында кітапхана ісінің даму бағыттары, оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кітаптың қоғамдағы маңызы жан-жақты талқыланды.

🔸 Форум шеңберінде үздік сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әкімінің атынан кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Д.Б. Беркимбаева, Қазақстандық кітапханалар одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі А.Б. Айтанатова марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен Э.А. Турганбаева, Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының Алғыс хатымен кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Ж.М. Қазбаева және балалар кітапханасының қызметкері А.А. Бертакова марапатқа ие болды.

💐 Баршаңызды 23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқырман қатары көбейіп, кітапқа деген сүйіспеншілік әрдайым арта берсін!

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 646Регистрация: 20-10-2021