«Жер жаңғырған, ел жаңғырған – Наурыз» атты оқырман әжелер арасында мәдени-танымдық сайыс өтті.
20 наурыз күні Хромтау аудандық кітапханасында «Жер жаңғырған, ел жаңғырған – Наурыз» атты оқырман әжелер арасында мәдени-танымдық сайыс өтті.🌿 Шараның мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан ұлы мейрамы Наурызды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету болды. Сонымен қатар, ұрпақ сабақтастығын нығайту, ұлттық тәрбиені насихаттау және Наурыз мерекесінің мән-маңызын кеңінен таныту көзделді. Сайыс барысында әжелер өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады ✨ 🏆 Сайыс қорытындысы бойынша: 🥇 Бас жүлде – Табынбаева Разия 🥇 I орын – Буккарина Сұлупан 🥈 II орын – Отарова Айша 🥉 III орын – Кузмухамбетова Ұлболсын 🌟 Арнайы жүлде – Калманова Клара әже Шара соңында әжелерге ақ орамал жабылып, ақ бата берілді 🤍 🎉 Жүлделі орын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық дәстүріміз жасай берсін! 🌷 Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар https://www.instagram.com/reel/DWGcTk0iBVu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==