«Кітапхана – білім мен руханият орталығы» тақырыбында workshop

Хромтау аудандық кітапханасында ауылдық кітапхана филиалдары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – білім мен руханият орталығы» тақырыбында workshop өтті. Бұл workshop – кітапхана ісіндегі заманауи бағыттарды талқылап, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге арналған кәсіби алаң болды. 🔹 Іс-шара алғы сөзбен ашылып, кітапхана директоры Бибигүл Ұзақбаевна кітапхананың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті. 🔹 Ақжар ауылдық модельді кітапханасының қызметкері Омарова Ұлболсын 📖 «Жетістікке бастар жол: кітапхана тәжірибесі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді жұмыс әдістерін ұсынды. 🔹 Кітапханаларды дамыту бөлімінің библиографы Алмұратова Асия 📚 «Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың туғанына 100 жыл» тақырыбында ақпараттық дайджест ұсынып, тұлғаның рухани мұрасын таныстырды. 🔹 Бөлім меңгерушісі Беркімбаева Динара 🤖 «ЖИ – заманауи кітапханашының көмекшісі» тақырыбында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетіп, оны кітапхана ісінде тиімді қолдану жолдарын түсіндірді. ✨ Workshop барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен заманауи көзқарастарға ие болды. 📖 Кітапхана – тек білім ордасы ғана емес, руханияттың да алтын діңгегі. Видеоны көру

0 комментариев

«Әдебиет әлеміне саяхат» атты әдеби квиз

Ұлттық кітап күні қарсаңында ерекше атмосферада өткен «Кітапхана түні» аясындағы әсерлі сәттермен бөлісеміз! Хромтау аудандық кітапханасында «Әдебиет әлеміне саяхат» атты әдеби квиз ұйымдастырылып, қала мектептерінің оқушылары белсене қатысты. Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін арттыру, жас оқырмандардың танымдық белсенділігін дамыту, логикалық ойлау қабілеті мен әдеби білімін интеллектуалды ойын арқылы жетілдіру. 📖 Квиз барысында: Қатысушылар екі топқа бөлініп, түрлі қызықты әрі ойландыратын тапсырмалар орындады. Әр кезеңде оқушылар өздерінің білімін, тапқырлығын және жылдам ойлау қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. 👩‍🏫 Кітапханашы Алмуратова Ә.П. ойын шарттарымен таныстырып, қатысушыларға бағыт-бағдар берді. 🏆 Шара соңында кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ. сөз сөйлеп, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. 🌟 Бұл кеш – білім мен руханиятты ұштастырған, әдебиетке деген қызығушылықты арттырған ерекше шара болды!

0 комментариев

«Қабдеш Жұмаділов — қазақтың қабырғалы қаламгері» әдеби кеш

Кітапханада қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, көрнекті жазушы, романист, қоғам қайраткері — Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби кеш өтті. Шараға №1 Хромтау орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, тағылымды деректер айтылды. Оқушылар шараға ерекше қызығушылықпен қатысып, рухани байлықтың қайнар көзін танығандай әсер алды. Қабдеш Жұмаділов — ұлт жадында жаңғырып тұратын тұлға. Оның қаламынан туған туындылар – мәңгілік мұра.

0 комментариев