Кітапханада 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты патриоттық кездесу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімді ояту, оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесуге Хромтау тау-кен техникалық колледжінің алғашқы әскери-технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері Бегимбаев А.У., Тағжан Ж.А. және студенттер қатысты.
Кездесу барысында Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңызы, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері кеңінен қозғалып, отансүйгіштік құндылықтар дәріптелді.
Сонымен қатар, Балалар музыка мектебінің мұғалімі Арынғазы Аманкелді Құрманғазының «Адай» күйін орындап, «Жалын» вокалдық үйірмесінің оқушылары патриоттық әндер шырқап, шараның мазмұнын аша түсті.