«Жер жаңғырған, ел жаңғырған – Наурыз» атты оқырман әжелер арасында мәдени-танымдық сайыс өтті.

20 наурыз күні Хромтау аудандық кітапханасында «Жер жаңғырған, ел жаңғырған – Наурыз» атты оқырман әжелер арасында мәдени-танымдық сайыс өтті.🌿

Шараның мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан ұлы мейрамы Наурызды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету болды. Сонымен қатар, ұрпақ сабақтастығын нығайту, ұлттық тәрбиені насихаттау және Наурыз мерекесінің мән-маңызын кеңінен таныту көзделді.

Сайыс барысында әжелер өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады ✨

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 Бас жүлде – Табынбаева Разия
🥇 I орын – Буккарина Сұлупан
🥈 II орын – Отарова Айша
🥉 III орын – Кузмухамбетова Ұлболсын
🌟 Арнайы жүлде – Калманова Клара әже

Шара соңында әжелерге ақ орамал жабылып, ақ бата берілді 🤍

🎉 Жүлделі орын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық дәстүріміз жасай берсін! 🌷

Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар

https://www.instagram.com/reel/DWGcTk0iBVu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 642Регистрация: 20-10-2021