«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасы

Бүгін елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауына орай №475 сайлау учаскесінде Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасы өткізілді.
Шараның мақсаты – тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сүйікті кітаптарын насихаттау және оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту.

Сауалнама барысында тұрғындар өздеріне ерекше әсер қалдырған, сүйіп оқитын кітаптарына дауыс беріп, кітап туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында кітап, әдебиет, тарих және жалпы білімге байланысты қызықты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, белсенділік танытқан тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталды.

Шара барысында кітапхана оқырмандары көркем шығармалардан өлеңдер оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

📚 Кітап – рухани қазына, білімнің қайнар көзі. Осындай мазмұнды шаралар арқылы тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеу – кітапхананың басты міндеттерінің бірі.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 752Регистрация: 20-10-2021