Мектептен тыс білім беру орталығында Отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы барысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қатысқан ата-аналарға марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу бағыттары, тіркелу тәртібі және марафонға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Ата-аналар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың, балаларды кітап оқуға баулудың маңыздылығымен танысып, марафонға қатысуға шақырылды.