«Әке тәрбиесі – ізгілік бастауы» атты библио-тайм

15 маусым күні Хромтау аудандық кітапханасы мектептен тыс білім беру орталығымен бірлесіп, Әкелер күніне орай «Әке тәрбиесі – ізгілік бастауы» атты библио-тайм өткізді. Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін насихаттау, әке тәрбиесінің маңызын дәріптеу және отбасы құндылықтарын насихаттау. Шара барысында әке тұлғасы, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне арналған кітаптар таныстырылды. Қатысушылар әке өнегесінің саналы ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы мағлұмат алып, ұсынылған әдебиеттермен танысты. Библио-тайм оқырмандарды әкені құрметтеуге, отбасы бірлігін нығайтуға және рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалауға үндеді.

0 комментариев

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»танымдық іс-шара

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты танымдық іс-шара өткізілді. 🤝 Іс-шараға Мектептен тыс білім беру орталығының мамандары, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері және мектепшілік лагерь оқушылары қатысып, ел рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы құнды мәліметтер алды. 🎶 Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. 🇰🇿 Қатысушыларға: 🔹 Мемлекеттік Тудың, 🔹 Мемлекеттік Елтаңбаның, 🔹 Мемлекеттік Әнұранның авторлары туралы ақпарат беріліп, 🔹 олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи маңызы кеңінен түсіндірілді. ❓ Танымдық бөлімде рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. 📖 Сонымен қатар, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, тақырыптық әдебиеттер таныстырылды. 🌟 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және қастерлеуге тәрбиелеу.

0 комментариев

Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қайсар рухты ақын» атты поэзия кеші өтті.

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қайсар рухты ақын» атты поэзия кеші өтті. 🎯 Кештің мақсаты – мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру. 👩‍🎓👨‍🎓 Кешке Хромтау тау-кен техникалық колледжі студенттері қатысты. 📖 Шара барысында студенттер ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды, өмірі мен шығармалары туралы сұрақтарға жауап беріп, рухани тағылым алды. 🎥 Сонымен қатар, ұсынылған мәліметтер мен бейнематериалдарды қызығушылықпен қабылдады. 📚 Оқырмандар назарына біртуар ақынға арналған кітап көрмесі ұсынылды.

0 комментариев