Құрметті оқырмандар! Кітапхана қорына жаңа әдебиеттер келіп түсті. Қазіргі таңда құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі жаңа кітаптарды «WEB RABIS» бағдарламасына енгізу жұмыстарын жүргізуде. Барлық кітаптар толықтай тіркеліп, өңделгеннен кейін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінен алып оқуға мүмкіндік болады. Жаңа кітаптармен бірге рухани әлеміңізді байытып, қызықты туындылармен қауышуға асығыңыздар! 📖
Музей түні — 2026
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұжымы Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара барысында музей саласының мамандарына ізгі тілектер айтылып, рухани-мәдени мұраны сақтау жолындағы еңбектеріне алғыс білдірілді. Кітапхана ұжымы арнайы сый-сияпат табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мәдениет пен руханият саласында бірлесе қызмет етіп жүрген қос ұжымның ынтымақтастығы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. https://www.instagram.com/reel/DYe9jRFoznW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Даламның иісі бұрқырап…» облыстық кітапханалар арасындағы мюзикл
Хромтау аудандық орталық кітапханасы ақын Сағи Жиенбаевтың шығармашылығына арналған «Даламның иісі бұрқырап…» облыстық кітапханалар арасындағы мюзикл фестиваліне қатысып, арнайы диплом және статуэткамен марапатталды. Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған фестиваль өнер мен әдебиетті ұштастырып, кітапхана мамандарының шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!