“Рухани құндылық – кітапта” көрме-реквием
Бұл көрме рухани мұраны дәріптеуге арналған тағылымды мәдени-танымдық шара болып табылады. Экспозицияда ескі және сирек кездесетін кітаптар, тарихи басылымдар мен рухани құндылыққа толы материалдар ұсынылады. Көрме арқылы кітаптың адам өміріндегі орны, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен білім мен руханияттың маңызы көрсетіледі. Әрбір кітап – өз дәуірінің куәсі, әр бет – тарихтың ізі. Шараның мақсаты – оқырманға рухани байлықтың бастауы кітапта екенін ұғындыру, өткен мен бүгінді жалғайтын мәдени мұраны насихаттау. “Рухани құндылық – кітапта” көрме-реквием