«Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат

Бүгін кітапханада «Ауған соғысы: тарих пен тағдыр» атты тағылымды әңгіме-сұхбат кеші өтті 🇰🇿 Шараға Ауған соғысының ардагері Тальменов Аманғазы Нұрғазыұлы және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттер ардагер ағамызға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аманғазы Нұрғазыұлы өз өмір жолымен қиын-қыстау кезеңдегі естеліктерімен бөлісті.Бұл жүздесу жас ұрпаққа үлкен ой салып, патриоттық рух сыйлады ✨ Қонағымызға құрмет ретінде Мектептен тыс білім беру орталығының «Жалын» вокал үйірмесінің оқушысы Шәмшат Нұрғалым «Самға» әнін арнап, жүрекке жылы әсер қалдырды 🎶 Шара соңында Ауған соғысы тақырыбындағы кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға мазмұнды ақпарат ұсынылды 📚 Тағылымы мол кеш барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. https://www.instagram.com/reel/DUqC-r-CNEB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы

✨ Мұқағали – мәңгілік жырдың иесі! ✨ 10 ақпан күні 📚 Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүректерге жол тапқан ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 🎤 “Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 👫 Байқауға қала мектеп оқушыларымен, Тау-кен техникалық колледжініің студенттері қатысты. 🌿 Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту. 🌟 Қатысушылар ақынның сырлы да мұңлы, терең мағыналы өлеңдерін жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 🏆 Байқау нәтижесі: 🥇І орын - №5 Хромтау гимназиясы, Сұлтанғали Жанерке 🥈ІІ орын - №6 Хромтау гимназиясы, Сайлау Султана 🥉ІІІ орын - Хромтау Тау - кен техникалық жоғарғы колледж, Құрманғазы Аңсар 👏 Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды, қатысушыларға алғыс білдіреміз! 📖 Мұқағали жыры – мәңгілік мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазына! https://www.instagram.com/reel/DUk5DQWCAah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Кітап оқы — трендте бол!» акциясы

📚Жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқы - трендте бол!» акциясы өтеді. 📚Кітап оқуды ұнатасың ба? 2025 жылдың 10 қазанынан 20 желтоқсанына дейін мүмкіндігінше көп кітап оқып, сыйлық ұтып ал! 🔻 Шарттары: ✅ @hromtau_audandyk_kitaphana және @hromtau_balalarkitaphanasy аккаунттарына жазылыңыз. ✅Осы жазбаға ❤ қойып, репост жасаңыз. ✅Кітаптарды жақсы көретін 2 досыңызды пікірге белгілеңіз. ✅Біздің кітапханамыздағы кітаптарды оқыңыз. ✅Әр оқыған кітабыңыздан кейін қысқаша пікір қалдырыңыз немесе кітапты бізбен талқылаңыз. 🔸Ендеше бүгіннен бастап талғамыңа сай шығармаларды оқуға, жастар арасында оқуды сәнге айналдыру үшін кітапты өздеріңіздің таңдауыңызға мүмкіндік береміз. 🔸Ең көп кітап оқыған жастарға сыйлық беріледі. 📆 Нәтижелер жыл қорытындысына арналған “Үздік оқырмандар шоқжұлдызы -2025” атты іс -шарада кітапхананың сыйлығына ие болады. Барлық қатысушыларға сәттілік!

0 комментариев