Танымдық конференция «Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы»

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы» атты қазақтың ұлы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай тарихи-танымдық конференция Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру болды.

Конференция барысында студенттерге Алаш қайраткерінің ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, ағартушылық қызметі мен ұлт болашағы үшін атқарған еңбектері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Шара аясында тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға Әлихан Бөкейхан және Алаш зиялылары туралы әдебиеттер таныстырылды. Сонымен қатар, тұлғаның өмірі мен қызметін қамтитын танымдық бейнеролик көрсетіліп, студенттер тарихи деректермен кеңінен танысты.

Кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерін білдіріп, тарихи тұлғаның мұрасы жайында пікір алмасты. Танымдық шара студенттердің рухани-тарихи білімін толықтырып, отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етті.

Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар

https://www.instagram.com/reel/DWYTYT7iDBM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 642Регистрация: 20-10-2021