«Аналар күні – махаббат пен алғыстың мерекесі» атты қонақжай кеші

 Аналар күніне орай ұйымдастырылған «Аналар күні – махаббат пен алғыстың мерекесі» атты қонақжай кеші жоғары деңгейде өткізілді. 📚 Іс-шараның мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және жас ұрпақты мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. 👩‍👩‍👧 Кеш қонақтары: Кунтаева Нұршат Жомартқызы мен Серікбаева Гүлсезім Мұратқызы қатысты. 🎶 Кеш барысында аналарға арналған әндер шырқалып, қатысушылар ана туралы әсерлі ойларымен бөлісіп, мерекелік құттықтауларын арнады. Сонымен қатар 📖 қызықты мақал-мәтел ойындары мен ❓сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. ✨ Шараға кітапхана оқырмандары, аналар және көпшілік қауым қатысып, мерекелік кеш ерекше әсерге бөленді. 📚 Кеш соңында «Ана бейнесі – көркем әдебиетте» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, аналарға алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.

0 комментариев

«Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты патриоттық кездесу

Кітапханада 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты патриоттық кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімді ояту, оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесуге Хромтау тау-кен техникалық колледжінің алғашқы әскери-технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері Бегимбаев А.У., Тағжан Ж.А. және студенттер қатысты. Кездесу барысында Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңызы, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері кеңінен қозғалып, отансүйгіштік құндылықтар дәріптелді. Сонымен қатар, Балалар музыка мектебінің мұғалімі Арынғазы Аманкелді Құрманғазының «Адай» күйін орындап, «Жалын» вокалдық үйірмесінің оқушылары патриоттық әндер шырқап, шараның мазмұнын аша түсті. Толығырақ

0 комментариев

«Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар» тақырыбында облыстық кітапханашылар форумы өтті.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында «Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар» тақырыбында облыстық кітапханашылар форумы өтті. Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Ж.Н. Батырхан сөз сөйлеп, кітапхана саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол кітапханашылардың қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудегі ерекше еңбегін атап өтіп, сала мамандарына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Іс-шара аясында кітапхана ісінің даму бағыттары, оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кітаптың қоғамдағы маңызы жан-жақты талқыланды. 🔸 Форум шеңберінде үздік сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әкімінің атынан кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Д.Б. Беркимбаева, Қазақстандық кітапханалар одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі А.Б. Айтанатова марапатталды. Сонымен қатар, ҚР мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен Э.А. Турганбаева, Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының Алғыс хатымен кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Ж.М. Қазбаева және балалар кітапханасының қызметкері А.А. Бертакова марапатқа ие болды. 💐 Баршаңызды…

0 комментариев