“Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы
✨ Мұқағали – мәңгілік жырдың иесі! ✨ 10 ақпан күні 📚 Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүректерге жол тапқан ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 🎤 “Әр өлеңі – бір елдің мұрасындай” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 👫 Байқауға қала мектеп оқушыларымен, Тау-кен техникалық колледжініің студенттері қатысты. 🌿 Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту. 🌟 Қатысушылар ақынның сырлы да мұңлы, терең мағыналы өлеңдерін жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 🏆 Байқау нәтижесі: 🥇І орын - №5 Хромтау гимназиясы, Сұлтанғали Жанерке 🥈ІІ орын - №6 Хромтау гимназиясы, Сайлау Султана 🥉ІІІ орын - Хромтау Тау - кен техникалық жоғарғы колледж, Құрманғазы Аңсар 👏 Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды, қатысушыларға алғыс білдіреміз! 📖 Мұқағали жыры – мәңгілік мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазына! https://www.instagram.com/reel/DUk5DQWCAah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==