Хромтау аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 26-сәуір күні «Мен айтпаған сырымды өлең айтар…» — атты Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, жергілікті жас ақын Сағыныш Оразайқызына арналған кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Кештің мақсаты: Жас ақын Сағыныш Оразайқызын ауданымызға таныстыру болатын. Кездесу кешіне мектептің кітапханашылары, кітапхана оқырмандары және Сағыныш Оразайқызының туғандары қатысты. Кеш барысында жас ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы және жетістіктері айтылды. Ақынның әкесі Аяуов Оразай ағамыз көрермендерге баласының жетістіктерімен бөлісіп отырды. Сағыныш Оразайқызының сөзіне жазылған өлең шумақтарына кезек берілді. Өлеңдері :«Хромтауым!». «Қауырсын Ғалам». «Ескі сурет». «Керексің маған».Өлеңдерін оқыған жергілікті ақындар — Хромтау аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы — Айбол Сағынжанұлы. Бисенбаева Сайрагүл Таңатарқызы, ақын, Нұрлы-көш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. № 1 Хромтау орта мектебінің қазақ-тілі мен әдебиет пәнінің мұғалемі –Кеерйева Гүлзада Әлібекқызы. Сағыныш Оразайқызының сөзіне жазылған өнер жұлдыздарының орындап жүрген әндері мен құттықтаулары экраннан көрсетілді. Айта кететін болсақ:Мақпал Жүнісова, Жазира Байырбек, Абай Бегей, Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Дана Маханбаева, Қырғыз елінің әншісі Венера Назаралиеваның орындауында «Дүниенің кереметі». Сонымен қатар әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Жұбатова Ж.Т. Сынып жетекшісі, сыныптас құрбысының құттықтаулары да экраннан тамашаланды. Кеш соңында С.Оразайқызының сөзіне жазылған «Әйелдің бәрі әдемі» әнін ауданымыздың әншісі кітапхана қызметкері Қазбаева Жанар Мұратқалиқызы орындап, С. Оразайқызы өзінің алдағы жоспарларымен бөлісіп ұйымдастырушыларға, көрермендерге алғы сөзін айтты. Кітапхана ұжымы гүл шоғымен естелік сыйлығын табыстады.
Хромтау ауданының жергілікті жас ақыны, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Сағыныш Оразайқызының сөзіне жазылған әндер жинағы. https://www.instagram.com/reel/CrvXwv-t3th/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MmJiY2I4NDBkZg==