Сәуір айының 15 де, №5 мектеп
гимназиясының акт залында ,қоғамда өз көзқарасын айқындай алатын ,жат діни
ағымдардан аулақ жүретін,сенімі берік, қоғам өмірінде биік мақсаттарды жүзеге
асыруға дайын, ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында аудандық ішкі саясат және
аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Облыстағы
діни ахуал және діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері» атты
дөңгелек үстел өтті.Шараға «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы Халелов Ерлан
Мамайұлы,
«Аңсар»
ақпараттық-талдау орталығының басшысы Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы, аудандық
«Нұр» мешітінің бас имамы Әли Алмат Амангельдіұлы, №5 мектеп –гимназиясының
оқушылары, мұғалімдері, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 1 курс
студенттері қатысты. Шара дін мен бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына
арналып, дөңгелек үстелге
қатысушылар қазақ жастарының дінге
көптеп бет бұрып жатқанымен түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандары , тура
жолдан адаспас үшін қалай сақтануға болады, яғни басқа жат ағымдардың уысына
түспеудің жолдары туралы пікір алмасты.Оқушылар қонақтарға көкейлерінде жүрген дін туралы
сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.