12 ақпанда аудандық кітапхананың оқу залында Қеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына
30 жыл толуы қарсаңында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабағы өткізілді. Шараға №6 Хромтау гимназиясының оқушылары мен кітапхана меңгерушісі Әлия Елеусізова қатысты. Оқушыларға соғыс, интернационалистік борыштарын орындаған жауынгерлер туралы бейнероликтер көрсетілді. Аудандық кітапхана директоры Нұртай Жетесов оқушыларға қырғи-қабақ соғысы, армиялық қызмет және өзара көмек, пайдаланылған әскери техника, сонымен бірге ауған халқының өмірінен көптеген қызықты деректер айтып берді. Балалар бөлімінің кітапханашысы Тамара Жиембаева тақырыптық материалға шолу жасады.
|