Аудандық кітапхананың оқу
залында 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» ғашықтар күніне және Жастар
жылына арналған «Махаббат — мәңгі ертегі» атты сайыс өтті. Сайысқа №2 Хромтау
гимназиясының және Ақжар, Дөң, Табантал орта мектептерінің жоғары класс оқушылары
қатысты. Байқаудың мақсаты- жастардың арасында қазақтың ғашықтық эпостарын,
салт-дәстүрін, саф алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау, оларды рухани
дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың өмірге деген
позитивті көзқарастарын ұлғайту,кітап оқуға қызығушылығын арттыру. 5 кезеңнен
тұрған сайыста қатысушылар салт-дәстүр бойынша жұптар өздерін таныстыру,
салт-дәстүрге, махаббат дастандарына қатысты сұрақтарға жауап беру, қазақ
әдебиеті шығармаларынан үзінді оқу, өз өнерлерін көрсету кезеңдерінен өтті.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Табантал орта мектебі- І орынды, Ақжар орта мектебі-ІІ орынды, Дөң орта
мектебінің оқушылары ІІІ орынды жүлделесе, №2 Хромтау гимназиясының оқушылары
«Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Шара соңында кітапхана
директоры Н.А. Жетесов қатысушылар мен ұйымдастырушы мұғалімдерге ризашылығын
білдіріп, дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.
|
15 апреля в читальном зале
районной библиотеки прошел конкурс «Махаббат — мәңгі ертегі»,
посвященный Дню «Қозы Көрпеш — Баян
Сұлу» и Году молодежи.В конкурсе приняли участие
учащиеся старших классов Хромтауской гимназии №2, Акжарской, Донской,
Табантальской средних школ.Цель конкурса-популяризация
казахского эпоса, обычаев и традиций, пропаганда духовных ценностей и
развитие, поддержка талантливой, одаренной молодежи, повышение позитивного отношения молодежи к жизни,
повышение интереса к чтению.Конкурс состоял из 5 этапов:
знания традиций, обычаев и обрядов казахского народа, дастанов любви, чтение отрывков из
произведений казахской литературы, показать свои способности.Участники конкурса достойно
прошли все туры, показали свои
артистические и музыкальные номера. Всем зрителям было интересно смотреть
видео, сделанные самими ребятами и представленный в 3-ем туре « love story».В конце мероприятия директор
библиотеки Н.А. Жетесов поблагодарил участников и учителей-организаторов ,
вручил благодарственные письма,
дипломы и памятные подарки.
|