Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай
14 ақпан күні Хромтау аудандық орталық кітапханада “Отқа оранған он жыл” атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.
Кездесуге Жиеналин Серік Мұхтарұлы, Жарасбаев Шангерей Асанханұлы, Кульбаев Ерлан Мұхтарұлы сынды ардагерлеріміз және Хромтау тау- кен техникалық жоғары колледжінің I курс студенттері қатысты.
Іс -шара барысында алдымен ауған соғысының салған жарасы дерт болып жабысып, мәңгілік мекеніне орын алған ағаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.
Шақырылған ардагер батырларымызбен ашық әңгіме барысында суденттер өз сауалдарын қойып, сан түрлі сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар, аудандық кітапхана библиграфы Мансия Тымбаева дайындаған “Ауғанның асуында от кешкендер” атты кітап көрмесімен танысты.
Аудандық кітапхана директоры Бибігүл Баймұратова кешті қорытындылап, ардагерлерге алғысын білдірді.
https://www.instagram.com/reel/C3U3ZDhsLML/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==