«Kitap time — 2024» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

Хромтау аудандық кітапхананың оқу залында «Kitap time — 2024» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

🔸Шараға №5 мектеп-гимназиясының оқушылары,оқырмандар қатысты. Фестивалға келушілерге қызыққа толы бағдарламалар дайындалды.
🔸«Ғажайып кітаптар әлемі» интеллектуалды ойындар, кроссворд шешу, танымдық шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
🔸«Поэзия самалы», «Жастар әлемі: оқы, ойла, өзіңді жетілдір», «Әдебиет әлеміне саяхат», «Әдебиет және кино», «Кітап беттеріндегі спорт», «Мерзімді басылымдар-уақыттың үні» тақырыптарында дайындалған кітап көрмелері таныстырылды.

🔸Аталмыш шара кітапты насихаттау, кітап оқуға тарту,өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DAGM4-KspdY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021