7 қыркүйек күні Хромтау аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай аудандық кітапхана және Хромтау аудандық мәдениет және спорт орталығының ұйымдастыруымен «Тіл-ұлы байлық» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Жаханова А. мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болатынына тоқталып, мемлекеттік негізгі атрибуттары және біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз – қазақ тілі екенін айтып өтті.
Мерекелік кеште аудандық мәдениет және спорт орталығы ұжымы әуелетіп әндер орындаса,балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары тіл туралы өлеңдер оқыды.