17 сәуір күні оқу залында Ұлттық кітап күніне орай «Тарихы терең – Хромтау» атты көрме-панорама ұйымдастырылды.
🏛 Көрменің мақсаты – өңірдің рухани мұрасын насихаттау, танымал тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, сондай-ақ ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жандардың еңбегін кеңінен дәріптеу.
📖 Көрмеде аудан тарихы, әр өңірдің өткені мен мәдени келбетін баяндайтын құнды шығармалар ұсынылды.
👩💼 Кітап көрмесіне кітапханаларды дамыту бөлімінің библиографы Алмуратова А.П. библиографиялық шолу жасады.
✨ Шара оқырмандарға туған өлкенің тарихын тереңірек танып, рухани құндылықтарды бағалауға мүмкіндік берді.