«Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты

23 сәуір – Ұлттық кітап күні!
Осы атаулы күнге орай Хромтау аудандық кітапханасында  «Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты өтті.
Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білімнің сарқылмас қазынасы
Осы мақсатта кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық белсенділігін қолдау бағытында «Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға Мектептен тыс білім беру орталығының «Асыл сөз» үйірмесінің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында:
🔹 Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы тың мәліметтер алды
🔹 «Ойлан, тап» кезеңінде жасырын суреттер арқылы сөздерді тапты
🔹 «Кейіпкерді таны» бөлімінде ертегі кейіпкерлерін сипаттама бойынша анықтады
🔹 Сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты
💡 Шараның басты мақсаты – балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және бос уақытты тиімді пайдалануға баулу болды.
✨ Қорытындысында, бұл іс-шара жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайтты.

«Оқы, ойлан, дамы» атты тәрбие сағаты

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 650Регистрация: 20-10-2021