4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
🤝 Іс-шараға Мектептен тыс білім беру орталығының мамандары, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері және мектепшілік лагерь оқушылары қатысып, ел рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы құнды мәліметтер алды.
🎶 Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
🇰🇿 Қатысушыларға:
🔹 Мемлекеттік Тудың,
🔹 Мемлекеттік Елтаңбаның,
🔹 Мемлекеттік Әнұранның авторлары туралы ақпарат беріліп,
🔹 олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи маңызы кеңінен түсіндірілді.
❓ Танымдық бөлімде рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады.
📖 Сонымен қатар, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, тақырыптық әдебиеттер таныстырылды.
🌟 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және қастерлеуге тәрбиелеу.